ҚР Премьер-Министрі жаңадан тағайындалған министрлерге ведомстволарды қайта құрумен байланысты шараларды қысқа мерзмде жүргізуді тапсырды

АСТАНА. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов министрліктер ұжымдарына ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлықтарымен жұма күні, наурыздың 12-сінде қайта құрылған ведомстволардың жаңадан тағайындалған басшыларын таныстырды,

деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, Премьер-Министр қайта құруға байланысты таратылған ҚР Индустрия және сауда министрлігінің сауда саласындағы қызметтері мен өкілдіктері Экономикалық даму және сауда министрлігінің қарауына берілетінін атап өтті. Ол «индустриялық саясатты жүзеге асыру үшін қажетті барлық мәселелер шұғыл шешілуі тиіс» екенін атап өтті. К.Мәсімов Вице-премьер-Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевке «кадрлар аласапыранына» жол бермей, барлық ұйымдастыру мәселелерін қысқа мерзімде реттеуді тапсырды. «Өз жұмысы бөлігіне жауап беретін барлық адамдар, оны жалғастыруы тиіс», - деп атап көрсетті К.Мәсімов.

Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаевты таныстыра отырып, К.Мәсімов «Мемлекет басшысы бүгін еліміздің негізгі байлықтарының бірі мұнай мен газ жөніндегі міндеттерді жіті алға қойды», деп атап өтті. Ол мұнай-газ секторын дамыту саясатын жүргізуде көмірсутектер жобаларында мемлекеттік мүдделердің сақталуын қамтамасыз ету қажет, Президенттің тапсырмаларын тиімді жүзеге асыруда министрлікте барлық қажетті функциялар бар», деп атап өтті. «Электр энергетикасы, атом және басқа да салалар функциясы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне көшеді», - деді К.Мәсімов.

Премьер-министр сондай-ақ қайта құрылған Экономикалық даму және сауда министрлігі ұжымына жаңа басшы - Жанар Айтжанованы таныстырды. Ол министрдің алдына экономика саласындағы жоспарлау стратегиясы, Кеден одағы, сондай-ақ ДСҰ-ға кіру жөніндегі қызметтерді ескере отырып, ішкі және сыртқы сауданы дамыту міндеттерін қойды.

Премьер-министр қайтадан құрылған Мәдениет министрлігінің басшысы Мұхтар Құл-Мұхаммедке Әділет министрлігінен азаматтардың діни ұстанымы еркіндігі құқықтарын қамдамасыз ету және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жөніндегі функциялардың берілуіне, сондай-ақ мемекеттік тілді дамыту жөніндегі өкілеттілік жүктеліп отырғанына байланысты бірқатар тапсырмалар берді.

Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің базасында құрылған Байланыс және ақпарат министрлігінің жаңа басшысы Асқар Жұмағалиевті таныстыра отырып, Премьер--Министр ақпарат, ақпараттандыру, жаңа ақпараттық технологияларды енгізу, сондай-ақ сандық және спутниктік хабар тарату салаларын реттеумен байланысты міндеттерді қойды.

Премьер-Министр жаңадан тағайындалған басшыларға ведомстволарды қайта құрумен байланысты шараларды қысқа мерзімде жүргізуді тапсырды.