ҚР Премьер-Министрі жер асты суларын пайдалану бойынша тиісті бағдарлама әзірлеуді тапсырды

None
АСТАНА. Қаңтардың 30-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2008 жылдың қорытындысына арналған кеңейтілген алқа мәжілісіне қатысқан ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов жер асты суларын пайдалану бойынша тиісті бағдарлама әзірлеуді тапсырды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Елбасының тапсырмасына орай, биыл жер асты суларын игеру бойынша арнайы бағдарлама әзірлеу қажет. Бүгінде біздің су қорларымыз таусылып келеді. Сондықтан мен ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі, Су ресурстары жөніндегі комитет пен Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне 2009 жылы жер асты суларын пайдалану бойынша тиісті бағдарламаны дайындауды тапсырамын», деді К. Мәсімов.