ҚР Премьер-Министріне Қызылорда облысында сауықтыру демалысын ұйымдастыру туралы мәлімет берілді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Арал ауданы «Қамбаш» демалыс аймағында орналасқан балалардың оқыту-сауықтыру орталығының қызметімен танысты.

Хабарламада мәлімдегендей, мұнда ҚР Премьер-Министріне өңірде жазғы демалыс кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және еңбекпен қамтуды ұйымдастыру туралы мәлімет берілді, деп хабарлады  Pm.kz.