ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдерімен селекторлық кеңес өткізді

АСТАНА. Наурыздың 16-сы. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев бүгін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бейнеконференция түрінде селекторлық кеңес өткізді,

деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

Кеңесте елдің су қоймалары мен су шаруашылығы нысандарында тасқын сулар ағынының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Талқылаудың қорытындысы бойынша облыс әкімдеріне ТЖМ аумақты бөлімшелерімен, АШМ Су ресурстары комитетімен және ІІМ-мен бірге мынадай шааларды жүзеге асыру жөнінде тапсырмалар берілді:

- коммуналдық, жеке меншіктегі және иесіз су қоймалары мен су көздерінің техникалық жай-күйін мұқият тексеру;

- суды қауіпсіз өткізу мақсатында жөндеу-қалпына келтіру жүргізудің қажетті көлеміне кемшіліктер туралы актілер толтыру;

- қажетті материалдық-техникалық шығындар көлемін анықтау, қаржыландыру көздерін белгілеу;

- су қоймалары мен су көздерінің апаттық қауіпті учаскелеріне тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыру, қажет болған жағдайда жедел шараларды қолға алуды қамтамасыз ету;

- су қоймалары мен басқа да су шаруашылығы құрылыстарынын пайдалану ережелерін сақтауға тікелей жауапты адамдарды белгілеу және бақылауды күшейту, төтенше оқиғалардың пайда болуына жол бермеу жөніндегі жедел шараларды қабылдау.