Ол «Қазақстан-Сібір 2011» халықаралық көрмесінің ресми ашылуына және «Аймақтық даму: орнықты даму үшін әріптестіктің жаңа тетіктері» жалпы отырысының жұмысына қатысады.
Ә.Исекешевтің жұмыс сапары бағдарламасында «Қазэнергокәбіл» АҚ-да болуы көзделген, мұнда биыл алюминийден жасалған өнімдер шығаратын инвестициялқ жоба іске қосылған болатын.
Ол сондай-ақ «Павлодар машина жасау зауыты» АҚ-да болып, өндіріспен және кәсіпорынды дамыту перспективаларымен танысады.
Премьер-Министрдің орынбасары Елбасының «Болашақты бірге құрамыз» атты Жолдауын жүзеге асыру барысын талқылауға арналған облыс активімен кездеседі. Ә.Исекешевтің қатысуымен Павлодарда «Өнімділік-2020» бағдарламасын жүзеге асыруға арналған кеңес өтеді.