ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен Республикалық бюджет комиссиясының 24-ші отырысы өтті
деп хабарлады ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің баспасөз қызметі.
Отырыста Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру туралы» қаулысының жобасы талқыланып, мақұлданды.
Бұл қаулы Қазақстан Республикасының Президенті ағымдағы жылғы желтоқсанның 7-сінде қол қойған 2010-2012 жылдарға арналған республика бюджеті туралы Заңды жүзеге асыру үшін әзірленген болатын.
Республикалық бюджет комиссиясы отырысының қорытындысымен бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне:
- бес күннің ішінде Экономика және бюджеттік жоспарлау минстрлігіне нақтыланған бюджеттік өтінімдерін ұсыну және «Мемлекеттік жоспарлау ақпараттық жүйесі» мәліметтер базасына тиісті өзгертулер енгізу;
- 2010 жылғы қаңтардың 15-іне дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне 2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген несиелер бойынша сыйақылар мөлшерлемесін субсидиялау және мақсатты трансферттерді пайдалану тәртібі туралы Ережелердің жобасын жасап, ұсыну тапсырылды.
Жергілікті атқарушы органдарға 2010 жылғы қаңтардың 15-іне дейін әлеуметтік-маңызды инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша конкурстар жариялауды қамтамасыз ету тапсырылды.