Кеден одағы елдері үкімет басшыларының баспасөз мәслихаты кезінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің атап өткеніндей, трансұлттық, соның ішінде газ саласындағы трансұлттық компанияларды құру Орталық Азия мен Еуропада үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Бірлескен жобаларды, мысалға, атом энергетикасындағы жобаларды жүзеге асыру осы компаниялардың әлемде бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік береді. Әлемдік экономикада барлығына серпін беруге мүмкіндік пайда болады.
Кеден одағы елдері үшін ғарыш саласы мен ауыл шаруашылығы саласы ынтымақтастықтың дәстүрлі салалары ретінде қалады.
Ағымдағы жылдың 13 қазанында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Парламент Мәжілісінің жалпы отырысындағы сөзінде, Санкт-Петерборда өтетін ТМД және Кеден одағы елдері үкімет басшыларының кездесуінде әлемдік рецессия болған жағдайдағы іс-қимылдарды бірлесе үйлестіру мәселесін ұсынатындығын хабарлаған болатын.