«Қайта құру нәтижесінде екі министрлік: ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі және ҚР Мұнай және газ министрлігі құрылды. ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес Премьер-Министрдің орынбасары-Индустрия және жаңа технологиялар министрі қызметіне Әсет Өрентайұлы Исекешев тағайындалды. Жаңадан құрылған мұнай және газ министрлігіне басшы болып Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаев тағайындалды. Жарлықта олардың қандай қызметтер атқаратыны нақты көрсетілген», - деді К.Мәсімов.
Атап айтқанда, Премьер Мұнай және газ министрлігі тек осы салалармен ғана емес, электр энергетикасын және басқа да қызметтерді қамтиды.
«Бұғн қоса, Сауат Мұхаметбайұлы, Сіз «ҚазмұнайГазбен» де өзара қарым-қатынастарыңызды ойласуыңыз қажет, өйткені Мемлекет басшысы біздің келісім-шарттарымыз бойынша өкілетті органның мәселелері «ҚазМұнайГаздан» Мұнай және газ министрлігіне берілуі тиіс екенін белгілеп берді», - деп қосты К.Мәсімов.
Үкімет басшысы дүйсенбіге, наурыздың 15-іне дейін кадр саясатына және барлық заңдық мәселелерді реттеуге тапсырма берді.
«Кадр аласапыранын жасаудың қажеті жоқ, жұмыс жасап жатқан барлық адамдар өз жұмыстарына жауап берулері, жұмыстарын жалғастыруы тиіс», - деп қортындылады сөзін Премьер-Министр.