ҚР Премьері мен Иран елшісі екі елдің сауда-экономикалық байланыстарының дамуы мәселелерін талқылады
17:51, 16 Маусым 2010
СТАНА. Маусымның 16-сы. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Иран Ислам Республикасы дипломатиялық миссиясының басшысымен кездесті.
ҚР Үкіметі басшысының баспасөз қызметінен хабарлағандай, Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Горбан Сейфимен кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық байланыстарының дамуы мәселелері талқыланды.