ҚР Премьері Үкіметтің Лицензиялау және хабарлама тәртібінің кейбір мәселелері жөніндегі қаулысына қол қойды

АСТАНА. 4 қаңтар. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Үкіметтің Лицензиялау және хабарлама тәртібінің кейбір мәселелері жөніндегі қаулысына қол қойды.

ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1655

2012 жылғы 21 желтоқсан Астана, Үкімет Үйі

Лицензиялау және хабарлама тәртібінің кейбір мәселелері туралы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 5-тармағына , 15-3-бабының
2, 7-тармақтарына және «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 5) тармақшасына , 10-бабына
сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, мемлекеттік органдарда және халыққа қызмет көрсету орталықтарында хабарламаларды қабылдау қағидалары;

2) Хабарлама берген субъектілердің тізілімін жүргізу қағидалары;

3) қызметті немесе белгілі бір іс-қимылды жүзеге асыруды бастағаны
немесе тоқтатқаны туралы хабарламаның нысаны;

4) құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізе бастағаны туралы
хабарламаның нысаны;

5) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған
заңды тұлға өтiнiшінің нысаны;

6) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған жеке тұлға өтiнiшінің нысаны;

7) лицензия нысаны;

8) лицензияға қосымшаның нысаны;

9) білім беру қызметімен айналысу үшін лицензияға қосымшаның
нысаны;

10) этил спиртінің және алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымы саласындағы қызметке лицензияның нысаны;

11) алкоголь өнімінің өндірісі жөніндегі қызметке лицензияға
қосымшаның нысаны;

12) ойын бизнесі саласындағы қызметке лицензияның нысаны;

13) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алу жөніндегі қызметке лицензияның нысаны;

14) азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу жөніндегі қызметке лицензияның нысаны бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаржы саласындағы қызметтің және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметтің лицензиары болып белгіленсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов