ҚР Премьері жұмыс сапарымен Қырғызстанға келді

None
ТАНА. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстанның Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов жұмыс сапарымен Қырғыз Республикасынпа келді.

Бұл туралы ҚР Үкіметі басшысының Facebook және Vkontakte сайттарындағы жеке парақшаларында хабарланған.

Сапар барысында Кәрім Мәсімов Қырғызстан басшылығымен кездеседі, сондай-ақ қазақ-қырғыз үкіметаралық кеңесінің екінші отырысының жұмысына қатысады, оның қорытындысымен бірқатар құжаттарға қою жоспарлануда.