ҚР Премьерінің сайтында ҚР Үкіметінің отырысы жөнінде жаңалықтар орналастырылған

ТАНА. 22 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстан Премьер-Министрінің www.pm.kz сайтында бүгін селектор түрінде орталық және жергілікті атқарушы орган басшыларының қатысуымен өткізілген ҚР Үкіметінің отырысына қатысты жаңалықтар орналастырылған.

Осыған дейін хабарланғандай, оның барысында елдің Үдемелі индустриялдық-инновациялық дамуы Мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы талқыланды. Сонымен қатар, жауапты басшылардың аймақтағы жылу-энергетика нысандарының 2011-2012 жылдардағы жылыту маусымына дайындығы және астық жинау барысы жайлы баяндамалары тыңдалды.

Қатысушылардың баяндамалары ҚР Үкімет басшысының сайтында жарияланады.