Президент Корея Республикасы Президентінің міндетін атқарушы Чой Сан Мокқа көңіл айтты

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Корея Республикасы Президентінің міндетін атқарушы Чой Сан Мокқа көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Муан әуежайында болған ұшақ апатының салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

Президент жақындарынан айырылған отбасыларға және барша достас корей халқына көңіл айтып, апаттан зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Осыған дейін Муан халықаралық әуежайында Jeju Air ұшағы апатқа ұшырағаны туралы хабарладық.