ҚР Президент кубогы: «Барыс» «Салават Юлаевпен» ойнайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президент кубогының қорытынды матчында «Барыс» Уфаның «Салават Юлаев» командасымен ойнайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Матч бүгін астана уақытымен 17:00-де басталады, оны«Qazsport» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.

Еске сала кетейік, Андрей Скабелка шәкірттері осы турнирдеүш мәрте жеңіске жеткен. Кубок иегері атану үшін соңғы ойында ірі есеппенжеңіліп қалмаса – соның өзі жетіп жатыр.

«Барыс» Қазанның «Ак Барс» командасы 6:1 есебімен талқандап,Нижнекамскінің «Нефтехимигін» 5:3 есебімен жеңді, кешегі ойында Екатеринбургтың«Автомобилист» командасынан да басым түскен, есеп - 3:2.