ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM — Ермек Абдраманов ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары болды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Фото: Ақорда

— Мемлекет басшысының өкімімен Ермек Маратұлы Абдраманов Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.

Бұған дейін Мұхтар Тілеуберді ҚР Сыртқы істер министрі болып тағайындалғанын жазған болатынбыз.