Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары тағайындалды

Фото: Фото: Мухтар Холдорбеков/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Ерлан Сүттібаев Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары болды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

— Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Жақыпұлы Сүттібаев Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.

Еске салсақ, осыған дейін Әділ Мұхамеджанов Қазақстан қор биржасының басшысы болып тағайындалғаны анықталды.