ҚР Президенті Телерадиокешенінің қызметкерлері марапатталды

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін ҚР Президенті Телерадиокешенінің 9 қызметкері ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай мен ҚР Президентінің кеңесшісі және баспасөз хатшысы Берік Уәлидің атынан алғыс хаттармен марапатталды.

Фото: Ақорда

Салтанатты рәсім бүгін Ақордада өтті. 

Фото: Ақорда

Марапат алған қызметкерлердің қатарында Kazinform халықаралық агенттігінің Қытай редакциясының шығарушы редакторы Мұхтар Қалимолла, Документалды кино орталығының редакторы Нұрлан Қабдай және «Jibek Joly», «Silk Way» телеарнасының ішкі хабар тарату ақпараттық-талдау бағдарламалары қызметінің тілшісі Бақтияр Даркеев бар.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Сондай-ақ, ҚР Президентінің кеңесшісі және баспасөз хатшысы Берік Уәлидің атынан Jibek Joly/Silk Way телеарнасының сыртқы хабар таратудың ақпараттық-талдау бағдарламалары қызметінің бас редакторы, «New Time» ағылшын тіліндегі ақпараттық-талдау бағдарламасының және «Silk Way» телеарнасындағы «Reporter with President» жобасының жүргізушісі Айнұр Иманғали мен ҚР Президенті ТРК контент жасау бөлімінің графикалық редакторы Сапарбек Жақсылық алғыс хатқа ие болды.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда