ҚР Президенті: Адам жақсыға тез үйренеді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «31 арнада» көрсетіліп жатқан «Президент 2.0» бағдарламасында өзінің бұл қызметке қалай үйренісіп жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бастапқыда«Президент, Президент» деген сөздерді естігенде Нұрсұлтан Әбішұлы келген екендеп қалатынмын. Білесіз бе, бірақ бәріне уақыт қажет. Адам жақсыға тез үйренедіғой. Әрине, мен президенттің міндеті ауыр жүк екенін түсінем. Қалай дегенменде, бүкіл мемлекеттің, оның халқының қауіпсіздігі мен тұрмыс-тіршілігіне жауапберу қажет. Жасыратын несі бар, сонда да президенттік міндет құрметке ие», -деді Қасым-Жомарт Тоқаев журналистіңсұрағына жауап бере отырып.

Мемлекет басшысыөзінің бұл қызметке келуін билік транзиті ретінде бағалайтынын да айтты.

«Біздің жағдайдабұл қазір елдің бәрі айтып жүргендей билік транзиті режимінде болды» - деп толықтырдыҚ.Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар