ҚР Президенті әкімдерге ауыл шаруашылығы кооперацияларының желісін құруды міндеттеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Барлық әкімдер жыл соңына дейін ауыл шаруашылығы кооперацияларының желісін құру тиіс. Бүгін Ақордада өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осындай тапсырма берді.

«Кооперацияларды дамытуға айрықша назар аудару керек. Кооперациялар туралы сәйкесінше заңды біз қабылдадық. Сергей Витальевич жергілікті жерлерде сезіле ме, жұмыс жүріп жатыр ма? Сен кәрі атсың ғой атызды бұзбас. Сол бір кооперациялар есіңде ме?», - деп сұрады Елбасы Ақмола облысының әкімі Кулагиннен.

«Барлық кооперациялар есімде», - деп жауап берді әкім.

«Ендеше саған не істеу қалды? Үнемі айтып келемін, барлық проблема жайлы. Ол уақыт кеңес заманы еді. Қазір біз шаруадан астық өсіруді, мал, құсты азықтандыруды талап етеміз. Ол қалай  істеу керектігін білмейді. Делдалдар келіп, тауар өндірушілерді тонауда. Кооперациялар орталықтандырылған болуы керек. Сен өндір, біз  сатып алып кетеміз, ал сен одан ары еркін жұмыс істей бересің. Яғни, өте маңызды заң. Мен барлық әкімдерден әр күнді осыдан бастауды талап етемін. Сіздер ауыл шаруашылығы бойынша кооперациялар желісін құруларыңыз  керек. Жыл  соңында мен сіздерден есеп талап етемін», - деп ескертті Елбасы.

«Үкіметке әкімдермен бірлесіп, ауылдық жерлерде кооперациялар ұйымдастыру бойынша барлық шараларды қабылдауды тапсырамын. Олар өнімдерді сату, қайта өңдеуді қамтамасыз етуі тиіс», - деді Елбасы.