ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығы меңгерушісінің орынбасары тағайындалды
Нұрболат Мейрасбекұлы, 1982 жылы туған, қазақ. 2003 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін «Заңгер» мамандығы бойынша, 2010 жылы «КГТИ-Лингва» Орталық-Қазақстан университетін «Экономика» мамандығы бойынша аяқтаған.
2003-2006 жылдар аралығында Астана қаласының Соттар әкімшісінің сот орындаушысы, бас сот орындаушысы, ұйымдастыру соты бөлімінің басшысы лауазымдарын атқарды.
2006-2007 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ресей Федерациясындағы Елшілігінің атташесі болып жұмыс жасады.
2007-2010 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде бірқатар лауазымдарды атқарды (бас маман, басқарма басшысы, министрдің кеңесшісі мен көмекшісі).
2010-2016 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Түрік Республикасындағы Елшілігінің екінші және бірінші хатшысы болып жұмыс жасады.
2016-2018 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі, аппарат басшысының орынбасары болып қызмет істеген.
2018-2019 жылдар аралығында Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары - облыс әкімінің хатшылығы басшысының қызметін атқарды.