ҚР Президенті Ақордада кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін талқылады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын Қыран» компаниялар тобы бақылау кеңесінің төрағасы Исламбек Салжановты қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысындаҚазақстанда кәсіпкерлікті дамыту мәселелері, сондай-ақ әлемдік және отандық ITсаладағы негізгі трендтер талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлікті, соның ішіндешағын және орта бизнесті қолдау мемлекеттің экономикалық саясатындағыбасымдықтардың бірі екенін атап өтті.

Исламбек Салжанов Президент бастамаларын жүзегеасыру үшін бизнес белсенді атсалысуға әрқашан дайын екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар