«Бутаковкада үй салып тастаған. Шымбұлаққа баратын аспалы жол не үшін салынды? Сол жерге машинамен жетуге ме? Еуропалық тау шаңғысы курорттарында көлік көрдіңіздер ме? Мына қарқынмен орманды жойып тынамыз», - деді Н.Назарбаев.
Мемлекет басшысы қала әкіміне тыйым салынған жерлерге үй салғандарды ойланбастан сүріп тастау керектігін айтты.
«Әл-Фарабидан жоғары үй салмауды тапсырдым. Сонда да салынып тасталған. Қала таудан келетін самалдың арқасында демалып отыр. Тауды да жауып тастапсыңдар», - деді Президент.
Сонымен қатар, Елбасы Алматының тазалығы туралы айтты.
«Бұл - барлық қазақстандықтардың сүйікті қаласы. Көріктендіру, тазалық, арық жүйесінің абаттандырылуын қадағалау керек. Қаланың қожайыны ретінде үйіңді қарағандай қарау керек. Басшылық менің ескертпелерімнен нәтиже шығарады деп үміттенемін», - деді Н.Назарбаев.
15:21, 16 Ақпан 2016
ҚР Президенті Алматының экологиясын жақсартуды тапсырды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін өткен жиында қала басшылығына Алматының экологиясын жақсартуды тапсырды.