«Көмірқышқыл газының әсерін бәсеңдетуде ағаш егу жұмыстарын белсенді жүргізу маңызды рөл атқарады. Қазақстан шағын орманды мемлекеттерге жатады. Орман қорының ауданы 30 миллион гектар немесе жалпы аумақтың 11%-ын құрайды. Биыл елді көгалдандыру бойынша ауқымды бағдарлама басталды. 2025 жылға дейін 2 миллиард ағаш егіледі. Бұл бастама үлкен халықаралық резонансқа ие шын мәнінде ұлттық ауқымдағы жобаға айналуда», - деді Президент елордада өтіп жатқан «Париж келісімі мен Қазақстанның көміртегі бейтараптығының мақсаттарына қол жеткізу жолдары» атты халықаралық конференция барысында.
Сондай-ақ, ол Арал табанына егіліп жатқан сексеуіл алқабының аумағын кеңейту жоспарланғанын еске салды.
«Біз сондай-ақ Арал теңізінің қаңсыған табанына сексеуіл отырғызуды ұлғайту бағдарламасын қабылдадық. 2025 жылға қарай бұл сексеуіл ақабы 1,5 миллион гектарға жетеді деп жоспарлап отырмыз. Бұл тұрғыда өзбекстандық әріптестерімізбен ынтымақтаса әрекет етіп жатырмыз», - деді Мемлекет басшысы.