ҚР Президенті Асбестті пайдалану кезінде еңбекті қорғау туралы Конвенцияны ратификациялау туралы Заңға қол қойды

АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Асбестті пайдалану кезінде еңбекті қорғау туралы Конвенцияны ратификациялау туралы (Конвенция 162)» Заңға қол қойды.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Заңның мәтіні баспасөз бетінде жарияланады.