«Ауғанстандағы ахуалға байланысты жаһандық жағдай шиеленісе түсті. Бұл біздің алдымызға жаңа міндеттер қойып отыр. Біз қорғаныс өнеркәсібі кешеніні қызметін қайта қарауымыз керек. Мемлекетіміздің қорғаныс қауқарын күшейте түсу мен жаңа қауіпке жылдам әрекет ету мемлекеттің басым бағыттарының бірі. Бастысы сырттан төнуі мүмкін деген қауіптің алдын алу керек. Сол үшін де сценарий әзірлеп, оны сынақтан өткізу қажет. Соның негізінде мемлекеттік аппараттың іс-әрекет жоспары дайындалады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында.
Бұған дейін Мемлекет басшысы еліміздің биологиялық қауіпсіздігімен айналысатын ұлттық жүйе құру туралы айтқан еді.
«Еліміздің биологиялық қауіпсіздігін болжаумен айналысатын ұлттық жүйе құрылуға тиіс. Бұл іс-шара тиісті заң жобаында қарастырылған. Парламенттен осы заң жобасын қазіргі сессияның соңына дейін қабылдауды сұраймын. Медициналық сараптама жасайтын көптеген зертханамыз халықаралық стандартқа сай емес. Денсаулық ұлттық жобасы бойынша кемінде 12 зертхананы жоғары технологиялық құралмен жабдықтау қажет. Соның арқасында зертханаларымыз 90 пайызға дейін халықаралық талапқа сай жұмыс істейтін болады», - деді Президент.