ҚР Президенті басты тауарларға сұраныстың орта мерзімді теңгерімін қалыптастыруды тапсырды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - ҚР Президенті салалық министрліктерге, холдингтер және әкімдіктерге негізгі тауар позицияларына сұраныстың орта мерзімді теңгерімін қалыптастыруды тапсырды. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысы тұрғындарымен кездесуде мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Ақорданың Twitter парақшасына сілтеме жасап.

«Салалық министрліктерге, холдингтер және әкімдіктерге негізгі тауар позицияларына сұраныстың орта мерзімді теңгерімін қалыптастыруды және тиісті ақпаратты «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жіберуді тапсырамын», - деді Мемлекет басшысы.