ҚР Президенті «Бәйтерек» ҰБХ» акционерлік қоғамының тәуелсіз директорын қабылдады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Еуропадағы экономикалық қатынастар жөніндегі неміс комитетінің бұрынғы төрағасы, «Бәйтерек» ҰБХ» акционерлік қоғамының тәуелсіз директоры Клаус Мангольдті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан менГермания арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтыңқазіргі жағдайы мен келешегін талқылады. Сондай-ақ, әлем экономикасының дамуынақатысты өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы немісбизнесінің өкілдерімен өзара ықпалдастықты нығайтудың маңыздылығына назараударды.

Клаус Мангольд Мемлекет басшысына жыл соңында Германияда қазақ-неміскәсіпкерлерінің қатысуымен ірі бизнес-форум ұйымдастыру туралы жоспарын айтты.

Соңғы жаңалықтар