Кездесу барысында елдегі қоғамдық-саяси өмірдің бірқатар мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, республиканың алдында тұрған таяу кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық міндеттер жөнінде сөз қозғалды. Бұдан бөлек, О.Әбдікәрімов сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту шараларына қатысты өз пікірлерін ортаға салды.
12:07, 06 Қараша 2014
ҚР Президенті белгілі қоғам қайраткері Оралбай Әбдікәрімовті қабылдады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев белгілі қоғам қайраткері Оралбай Әбдікәрімовті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.