«Экспорттық тауарлар бағасының құлдырауы мен валюта нарықтарындағы тұрақсыздық салдарынан өзара сауданың бәсеңдеуі байқалуда. Дегенмен, бұл ретте біздің үкіметтеріміз туындаған мәселелерді шешу үшін шұғыл жұмыс жүргізіп жатыр деп есептеймін. Форум аясында бүгін сол мәселелердің маңыздыларын талқылауға мүмкіндігіміз бар»,-деді ҚР Президенті Н.Назарбаев.
«Біз дағдарысты, құлдырау мен дамуды алғаш рет бастан өткізіп жатқан жоқпыз. Бұған сабырмен қарап, сауда-саттықты арттырудың жаңа жолдарын іздеу керек»,-деп толықтырды ҚР Президенті.
Өз кезегінде, РФ Президенті Владимир Путин Ресей мен Қазақстан өңірлері басшыларының кездесулері маңызды екенін атап өтті.
«Бұл - осымен он екінші форум. Биыл біз ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылау үшін жиналдық. Сочидің Олимпиададан кейінгі өзгерістерін көзбен көру қазақстандық серіктестеріміздің көбісіне қызықты болар деп үміттенемін. Тіпті, Олимпиададан кейін қала нысандарын қалай пайдаланып жатқанымыз да маңызды. Қазақстан азаматтары да Сочиден жасалған репортаждарды көріп, біздің оңтүсіктегі курортқа қызығады деп ойлаймын»,-деді В.Путин.