ҚР Президенті БҚО әкімін тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды

АСТАНА. 20 қаңтар. ҚазАқпарат - Елбасы «Н.А.Ноғаевты Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметіне тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметінен.

                               «Н.А.Ноғаевты Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметіне тағайындау туралы»

Ноғаев Нұрлан Асқарұлы Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалсын.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2012 жылдың 20 қаңтары

№238