НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Дональд Трампты Қазақстанда гольф ойнауға шақырды. Бұл жайында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев БАҚ өкілдерінің сауалына орай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мемлекет басшысы АҚШ Президентінің Шотландияда, Америкада гольф клубтарының бар екендігін және сенбі, жексенбі күндері үнемі ойнайтындығын атап өтті.
«Ауа райы мүмкіндік береді. Ал біз қайда ойнамақпыз? Сонда да мен оны гольф ойнауға шақырдым. Ол бізде гольфтың бар екендігін естігенде таң қалды. Біз ойнаймыз деп уағдаластық, келсе ойнаймыз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.