АСТАНА. Шілденің 17-сі. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Республикада сәйкестендіру нөмірлерін пайдалануды бастау мерзімін 2010 жылғы 13 тамыздан 2012 жылғы 1 қаңтарға ауыстыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Заңға қол қойды.
Бұл жайлы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған ауыстыру елде аталған нөмірлерді қолданудың сапалы және тиімді ауысуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қосымша шаралар қабылдау қажеттігінен туындаған.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.