Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтарға, әсіресе, қала халқының тұрақты өсу жағдайында медициналық көмектің сапасын арттыру және оның қолжетімді әрі жақын болуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
Қазақстан Президенті медициналық кабинеттерді, жеңілдікпен дәрі-дәрмектер берілетін дәріхананы аралап көрді. Сонымен қатар, заманауи цифрлық технологияны қолданатын тіркеу бөлімінің жұмысымен танысты.