ҚР Президенті есімін неге Қасым-Жомарт деп қойғанын айтты

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұжымдастыру тақырыбын көтерудің саяси астары жоқ. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «31 арнада» көрсетілген «Президент 2.0» деректі фильмінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Деректі фильм барысында Қазақстан Президенті ұжымдастыружылдарында басқа халықтарға қарағанда қазақтардың көп зардап шеккенін, 5 млнхалықтың 2,5 миллионы қырылып қалғанын айтады.

«Сондықтанбұл тақырып қазір көтеріліп жатыр. Алайда ешқандай саяси астары жоқ. Драмағаайналдыру, қысым жасау, әсіресе, орыстарға қарсы әрекеттердің де жоқ екенінатап айтқым келеді. Өйткені, ұжымдастырукезінде қазақ халқының қырылуына орыс халқының, тіпті биліктегі орыстардың түкқатысы болмаған», - дедіМемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев деректі фильм кезінде атасы жайлы да сөзқозғады.

«Атам нантауып келуге кеткен. Ал келген кезде кенже қызының пешке түсіп, өліп қалғанынкөреді. Сол кезде ол 2-3 жастағы бала болған. Ал бәйбішесі сал болыпқалғандықтан ештеңе істей алмаған. Мұны көрген атам үйден шығып кетіп, соданқайтып оралмаған. Ал екі ұлы, әкем менағасы Қасым менің атымды әкемнің ағасының құрметіне Қасым-Жомарт деп қойған.Екеуі балалар үйіне өткізіледі, сосын интернатта оқиды. Мектеп бітірген соңекеуі де соғысқа аттанады. Екінші дүниежүзілік соғыста Қасым ағам әйгілі Ржевшайқасында көз жұмды. АғамТверь облысы, Ржев ауданы, Трубино ауылында жерленген. Әкем оны іздеген. Бірақол кезде көп құжат құпия сақталды, оның ішінде Ржев шайқасы туралы құжаттар дабар. Тек 2000 жылдардың ортасында, РФ Қорғаныс министрлігінің Подольскідегі мұрағаттары ашылғанда ғана жерленген жеріанықталды. Мен Алматыда жерленген әкемнің бейітінен бір уыс топырақ алып,бауырластар зиратында жерленген ағамның бейітіне апарып шаштым. Ол жерден біруыс топырақ алып, Алматыға әкелдім»,- деп еске алады Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар