«Әлемдік және француз мәдениетінің бірегей ескерткіші, Нотр-Дам-де-Пари соборында болған жойқын өртке байланысты Франция президенті мен халқына шынайы көңіл білдіремін», - деп жазады Тоқаев өзінің твиттердегі парақшасында.
Еске салсақ, бұған дейін біз Париж қаласындағы Нотр-Да́м соборында өрт шыққаны және алапат өрттің сөндірілгені туралы хабарлаған болатынбыз.