деп хабарлайды Алматыдағы кеңес қорытындысы бойынша Президенттің баспасөз қызметі.
«Қалада қарақшылықтың, бұзақылық фактілерінің, суық қару қолдану арқылы жасалатын криминалдық оқиғалардың саны азаймай отыр. Аса ауыр қылмыстардың саны (7 пайызға), адам денсаулығына өте ауыр залал келтіру, адам зорлау, қарақшылық жасау мен адамдарды қорқыту оқиғаларының саны артты. Алматы облысындағы қылмыс деңгейі бұрынғыдай республика бойынша ең жоғарғы көрсеткіште тұр - 10 мың адамға 124 қылмыстан келеді (республикада орташа көрсеткіш 60)», - делінген Президент сайтында жарияланған хабарламада.