ҚР Президенті интернеттің шектелуіне қатысты пікір білдірді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев интернеттің шектелуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«31 арнада» көрсетілген «Президент 2.0» деректі фильмінде ресейлік тілшіАлексей Пивоваров Президенттен интернетті мөлшермен таратуға қатысты пікірінсұрады.

«Қиын сұрақ. Бірақ, ұлу секілді тұйықталу қазіргі әлемдемүмкін емес. Бәрі бір айналма жол арқылы үлкен желіге шығудың амалдары бар.Айтар шындығың болса, оны әлеуметтік желі арқылы жеткізіп жатсаң, бір басқа.Мысалы мен үшін Twitter жеке телграфагенттігім сияқты. Twitter тұрғанда журналистерді шақырып, сұхбат берудіңқажеті қанша маған? Президенттікке дейін мен Instagram-да жазбайтынмын. ҚазірInstagram парақшам тұрақты жаңарыптұрады», - деді ол.

Айта кетсек, «Президент2.0» деректі фильмінде ҚР ПрезидентіҚасым-Жомарт Тоқаев жемқорлық үшін өлім жазасына кесілгендерді өз көзіменкөргенін еске алған болатын. Сондай-ақ, Мемлекетбасшысы Саакашвилидің мысалы Қазақстанға неліктен келмейтінін айтты.

Соңғы жаңалықтар