ҚР Президенті Иранмен еркін сауда аймағын құру туралы заңға қол қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «2018 жылғы 17 мамырдағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін уақытша келісімге хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.