«Альстом» компаниясының президенті Патрик Крон журналистермен әңгімесі кезінде атап өткендей, ол бірлескен жобалардың табысты жүзеге асатынына сенімді, өйткені ол жобаларға ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жеке қолдау көрсетіп отыр.
20:05, 19 Қыркүйек 2011
ҚР Президенті ірі француздық компаниялардың басшыларымен кездесті
РИЖ. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Францияға жұмыс сапары барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Ритц» отелінде «Альстом» компаниясының президенті Патрик Кронмен, «Обер энд Дюваль» компаниясының президенті Жорж Дювальмен және «Эр Ликид» компаниясының атқарушы аға вице-президенті Пьер Дюфуртпен кездесті.