ҚР Президенті Канада Либералдар партиясының көшбасшысын сайлаудағы жеңісімен құттықтады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Канаданың Либералдар партиясының парламенттік сайлауда жеңіске жетуіне байланысты Джастин Трюдоға құттықтау жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.

Жеделхатта сайлаудағы жеңіс Д.Трюдоның саясатын Канада халқының кеңінен қолдауының айғағына айналғаны айтылған.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Д.Трюдоның Премьер-министр лауазымындағы қызметі Канаданың өсіп-өркендеуіне және елдеріміз арасындағы серіктестік қарым-қатынастардың одан әрі дамуына септігін тигізетініне сенім білдірді.

Соңында Қазақстан Президенті Канаданың Либералдар партиясы көшбасшысына зор денсаулық, қызметіне табыс тіледі.