ҚР Президенті Қашағанды игеру жұмыстарының күрделілігін инженердің көзқарасымен бағалады

None
АТЫРАУ. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысында жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қашаған кенішін игеру жұмыстарының күрделілігін өзінің инжерлік тәжірибесі тұрғысынан бағалады.

Нұрсұлтан Назарбаев Каспий теңіңізінің қазақстандық секторындағы Қашаған кеніші соңғы 40 жылда әлемде ашылған ең ірі және күрделі кен орны екенін атап өтті.

«Ұңғы сағасындағы қысым 850 атмосфераға дейін жетеді Күкірттілігі - 20 пайыздан астам. Бұл күрделі кеніш. Біз Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығында осында жұмыстарды жасадық. Орасан зор жұмыс! Мен бұрынғы инженер ретінде мұнай компаниялары үшін бұл кенішті жайластырудың қаншалықты күрделі екенін жақсы білем, Теңіздің тереңдігі үлкен емес, тереңірек болса жақсы болар еді. Бұл Қазақстандағы тұңғыш теңіз мұнайы. Он үш миллион тонна тас жеткіздік, 130 тонна металл құрастырмалары, 65 мың тонна темір бетон!», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан Қазақстан кенішін игеруге қазірдің өзінде 33 млрд.доллар инвестициялар салынып отыр.