ҚР Президенті кәсіпкерлік саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған заңға қол қойды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы кәсіпкерлік саласындағы заңнаманы одан арғы жетілдіруге бағытталған заңға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының мәтіні баспасөзде жарияланады.