ҚР Президенті Каспий теңізіне қатысты хаттамаға қол қойды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға қоршаған ортаға трансшекаралық тұрғыдан жасалатын әсерді бағалау жөніндегі хаттамаға қол қойды. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

«2018 жылғы 20 шілдеде Мәскеуде жасалған Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға қоршаған ортаға трансшекаралық тұрғыдан жасалатын әсерді бағалау жөніндегі хаттама ратификациялансын», - делінген ҚР Президентінің 2021 жылғы 4 қазан № 66-VІI ҚРЗ Жарлығында.