ҚР Президенті қауіпсіздігі қызметінің бастығы болып А.Әшімбекұлы тағайындалды
18:50, 03 Мамыр 2013
АСТАНА. 3 мамыр. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Өкімімен Ардақ Әшімбекұлы Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі бастығының бірінші орынбасары - Президент қауіпсіздігі қызметінің бастығы болып тағайындалды.
Бұл туралы ҚР Президентінің сайтында хабарланды.