«Біз үштілді боламыз деп айттық, бұл біреудің орынсыз тілегі емес. Өмір мәжбүрлеуде. Мемлекеттік тіл біздің барлығымыз тұрып жатқан халықтың тілі, біздерге оны білу қажет. Сондықтан да бұл тілді балаларымызға мектептен бастап үйретеміз. Олардан сол тілді білуін талап ететін боламыз. Біз ағылшын тілін білуіміз қажет. Өйткені ол ғылым мен инновация тілі. Сіздер мен біздер сөйлеп үйренген, бір бірімізді түсінетін орыс тілін де білу қажет», - деді Елбасы.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы елімізде қазақ тілін үйрену үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті. Арнайы қор құрылып, одан тіл үйренуге қаржы бөлініп жатқанын еске салды.
«Оны (қаржыны) жалпы Қазақстан халқы Ассамблеясы арқылы көбірек бөліп, қазақ тілін білмейтіндерді үйрету керек. Біздерде қазақ тілінде қарапайым әңгімелесу үшін барлық мүмкіншілік бар», - деді Мемлекет басшысы.