ҚР Президенті «Қазақстан халқы Ассамблеясының он алтыншы сессиясын шақыру туралы» өкімге қол қойды

None
АСТАНА. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан халқы Ассамблеясының он алтыншы сессиясын шақыру туралы» 2010 жылғы қыркүйектің 20-сындағы №439 өкімге қол қойды, деп хабарлады бүгін ресми БАҚ.

Қазақстан Республикасы Президентінің

Қазақстан халқы Ассамблеясының он алтыншы сессиясын шақыру туралы өкімі

1. Қазақстан халқы Ассамблеясының күн тәртібінде «Қазақстан халқы Ассамблеясы: Сенім. Дәстүр. Ашықтық. Толеранттылық» тақырыбы қаралатын он алтыншы сессиясын 2010 жылғы қазанның 20-сы күніне шақыру.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан халқы Ассамблеясының он алтыншы сессиясын өткізуді ұйымдастыру үшін шаралар қабылдау.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев.

Астана, Ақорда, 2010 жылғы қыркүйектің 20-сы

№439