Қазақстан Республикасы Президентінің
Қазақстан халқы Ассамблеясының он алтыншы сессиясын шақыру туралы өкімі
1. Қазақстан халқы Ассамблеясының күн тәртібінде «Қазақстан халқы Ассамблеясы: Сенім. Дәстүр. Ашықтық. Толеранттылық» тақырыбы қаралатын он алтыншы сессиясын 2010 жылғы қазанның 20-сы күніне шақыру.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан халқы Ассамблеясының он алтыншы сессиясын өткізуді ұйымдастыру үшін шаралар қабылдау.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев.
Астана, Ақорда, 2010 жылғы қыркүйектің 20-сы
№439