ҚР Президенті Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығы X форумы аясында «Лукойл» ААҚ басшысымен кездесті
17:20, 11 Қараша 2013
АСТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығы X форумы аясында «Лукойл» ААҚ президенті Вагит Алекперовпен кездесті.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды.
Кездесу барысында компанияның мұнай-газ саласындағы қызметі мәселелері және елдің мұнай-химия саласындағы жобаларды іске асыру аспектілері талқыланды.