ҚР Президенті «Қазақстан Республикасының арнайы мемлекеттік органдары туралы» Заңға қол қойды
16:00, 13 Ақпан 2012
АСТАНА. 13 ақпан. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының арнайы мемлекеттік органдары туралы» Заңға қол қойды, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
Заң арнайы мемлекеттік органдарға қызметке кірумен, оны өтумен және тоқтатылуымен, сондай-ақ арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлерін материалдық қамсыздандыру және әлеуметтік қорғау, құқықтық жағдайын белгілеумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.