«Біздің алдымызда түбегейлі үлкен міндет тұр, яғни біздің мемлекеттік кемені суға батпайтындай ету. Сондықтан да алдағы жылдардың мақсаты - Қазақстанды нығайтып, әлемдегі толқуларға қарамастан, алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына сенімді кіру», - деп тоқталған Президент, осы орайда сайлауалды тұғырнамасы болған бес институционалды реформаларды ұсынғанын атап өтті. Мемлекет басшысы 26 сәуірдегі сайлаудың нәтижесін реформаларды дереу өткізу бойынша халықтың мандаты ретінде қабылдап отырғанын жеткізді.«Мен өзімнің еркімді, табандылығымды, сондай-ақ мемлекеттік аппаратты және барша қоғам мен қазақстандықтардың күш-жігерін осы реформаларды орындауға шоғырландыруға ниеттімін», - деді Н. Назарбаев.
12:25, 29 Сәуір 2015
ҚР Президенті Қазақстанды әлемдік көшбасшылардың қатарына кіргізбек
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды болашақ әлемінде көшбасшылар деңгейіне дейін жеткізуге ниетті. Бұл туралы Елбасы ұлықтау рәсімінде мәлім етті.